jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда сомасы 203 млрд теңгеден асатын бюджет қаражатын тиімді пайдалануға қатысты кемшіліктер анықталды

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Көрнекі сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда бюджет қаражаты мен активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеру барысында жоспарлау, басқару және бақылау саласында кемшіліктер мен жекелеген бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Жоғары аудиторлық палата Алматы қаласында жүргізген аудит қорытындысы шығарылды. Аудит 1 қаңтар мен 17 қыркүйек аралығын қамтыды.

Ведомство мәліметінше, Алматы республиканың ең ірі экономикалық орталығы, қалада ел халқының 11 пайыздан астамы тұрады. ЖІӨ-нің шамамен 22 пайызы Алматының үлесінде.

Алайда қала экономикасы әлі де негізінен сауда мен көрсетілетін қызметтерге бағдарланған, ал өндірістік және инновациялық секторлардың даму серпіні төмен. Бұл Алматының өсу қарқынын тежейді.

Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеру барысында жоспарлау, басқару және бақылау саласында кемшіліктер мен жекелеген бұзушылықтар анықталды.

Мәселен Алматының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары үнемі түзетулер енгізілуіне қарамастан, басқарудың айтарлықтай тиімді құралына айналмады. Аудит барысында жоспарланған іс-шаралар толық қаржыландырылмағаны анықталды. Бұл жекелеген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

"Бюджеттік инвестициялық жобалар саны 2022 жылы 365, ал 2025 жылы 529-ға дейін өскеніне қарамастан, оларды іске асыруда кемшіліктер бар.

Мысалы 2021 жылы жасалған Жас Қанат шағын ауданында 41 көппәтерлі үй салу жобасы бойынша аудит кезінде 7 үй құрылысы аяқталмаған, ал тағы 12-сі іргелес аумақтың абаттандырылмауына байланысты коммуналдық меншікке берілмеген, - делінген хабарламада.

Тексеру барысында Қалалық мобилділік басқармасының жұмысына қатысты да көптеген сұрақ туындады. Басқарма 2022-2025 жылдары тасымалдаушыларға 2,3 млрд теңгеге негізсіз субсидиялар төлеуге жол берген.

Аудиторлық қорытындыға сәйкес Жер қатынастары басқармасы жер учаскелерін бөлу кезінде ашықтықты арттырып, олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды күшейтуі қажет. Құрылыс тығыздығының сақталмауы нәтижесінде инженерлік және көлік инфрақұрылымына жүктеме ұлғая түсті, сондай-ақ қала тұрғындары үшін әлеуметтік игіліктерге қолжетімділік қиындады.

"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметіне келетін болсақ, аудиторлардың пікірінше, ӘКК тиімсіз жұмыс істейді. Мәселен тұрғын үй құрылысына арналған шамамен 30 млрд теңге бюджеттік инвестициялар үш жылға жуық игерілмеген күйінде қалып отыр.

ӘКК сонымен қатар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға толық көлемде қол жеткізе алмады. Бюджеттік кредиттер тиімсіз пайдаланылған және қаржы құралдарына орналастырылған.

Жалпы аудит қорытындысы бойынша 203 млрд теңгеден астам сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тексеру жүргізу кезінде оның 26 млрд теңгеден астамы өтелді, сондай-ақ есепке алу бойынша және жұмыстарды орындау жолымен 83 млрд теңгеден астамы қалпына келтірілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 417 факт бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға берілді.

Жоғары аудиторлық палатаның тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және Алматы қаласында стратегиялық жоспарлауды, активтерді басқаруды, бюджеттік тәртіпті жақсарту бойынша қажетті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Алматыда сомасы 203 млрд теңгеден асатын бюджет қаражатын тиімді пайдалануға қатысты кемшіліктер анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.