Алматы облысында үш жасөспірімді құтқарған азамат марапатталды
Опубликовано:
Алматы облысында үш жасөспірімді құтқарып қалған тұрғын марапатталды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы облысының ТЖ департаментінде 2026 жылғы қаңтарда Жамбыл ауданының Үмбетәлі Кәрібаев ауылындағы су қоймасында үш жасөспірімді құтқарған Альяр Ахтамановты салтанатты түрде наградтау рәсімі өткен.
Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығына сәйкес адамдарды құтқаруда көрсеткен батылдығы мен ержүректігі үшін оған "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалі табысталған.
Алматы облысы ТЖД басшысы Дәурен Оразбеков награданы табыс етіп, батылдық пен ерлік көрсеткен қаһарманға алғыс айтқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2337186-almaty-oblysynda-ush-zhasospirimdi-qutqargan-azamat-marapattaldy/