jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қар, бұрқасын: жұмада еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бұрқасын
Бұрқасын. Көрнекі фото: Gillian Henry/Getty Images

"Қазгидромет" РМК 2026 жылдың 30-31 қаңтарында Астана мен еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

30-31 қаңтарда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 31 қаңтарда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Таңертең және күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болатыны, облыс орталығында жаяу бұрқасын жүретіні болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Өскеменде де 30 қаңтарда түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күндіз Аягөз ауданындағы екпіні 15-18 м/с құрайды. Семейде 30 қаңтарда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Таразда 30 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 30 қаңтарда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының тауларында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Шымкентте және Түркістанда 30 қаңтарда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 30 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түсіп, облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда 30 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 30 қаңтарда кей уақыттарда тұман болатыны болжанады.

Қар, бұрқасын: жұмада еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.