jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Толық онлайн форматта": кейбір қазақстандық студенттер үшін маңызды ақпарат жарияланды

Компьютер арқылы egov.kz порталына кірген әйел
Egov.kz порталы. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ

1 ақпаннан бастап Қазақстандағы жоғары оқу орындарының студенттері әскери кафедраға оқуға түсуге өтінішті eGov.kz порталы арқылы толық онлайн форматта бере алады. Бұл туралы электрондық үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

eGov.kz порталының мәліметінше, құжат тапсырудың жаңа тәртібі офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламаларына конкурсқа қатысу процесін жеңілдетіп, еліміздің барлық өңіріндегі студенттер үшін оны ашық әрі қолжетімді етеді.

eGov.kz порталы арқылы өтінішті күндізгі бөлімде оқитын бакалавриат студенттері бере алады. Өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

"Өтініш берудің жаңа форматы тек ыңғайлылықты арттырып қана қоймай, тексеру процестерін де автоматтандыруға мүмкіндік береді. Өтінім жіберілер алдында жүйе үміткер туралы психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулез диспансерлері бойынша, сондай-ақ мүгедектігінің және соттылығының бар-жоғына қатысты мәліметтерді автоматты түрде тексереді.

Жеке басын куәландыратын деректер мен білім туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден пайдаланушының қатысуынсыз алынады. Байланыс телефоны Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген болса, автоматты түрде толтырылады, ал болмаған жағдайда қолмен енгізіледі", - делінген хабарламада.

Өтініштің қаралу нәтижесі туралы ақпаратты пайдаланушының жеке кабинетіндегі "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінен алуға болады. Оң шешім қабылданған жағдайда өтініш берушіге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат ұсынылады. Бас тартылған жағдайда себептері көрсетілген дәлелді хабарлама жіберіледі.

"Толық онлайн форматта": кейбір қазақстандық студенттер үшін маңызды ақпарат жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.