jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алатау қаласының тұрғындары Алматы-Қонаев ақылы жолы арқылы тегін жүре алады

ақылы жол
Ақылы жол. Фото: instagram.com/alatau_pt_ad

Алатау қаласының әкімдігі қала тұрғындары үшін маңызды ақпарат жариялады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің Instagram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, 30 қаңтар сағат 00:00-ден бастап Алатау қаласының тұрғындары Алматы – Қонаев автожолының ақылы учаскесі бойынша тегін жүріп-тұру құқығына ие болды.

Тегін жүріп-тұру Алатау қаласында тіркелген көлік құралдарына абоненттік төлемсіз ұсынылады.

"Аталған шешім Алматы – Қонаев автожолының әлеуметтік маңызы бар нысан екенін ескере отырып қабылданды. Бұл жол Алатау қаласын Алматы қаласымен және облыс орталығы –Қонаев қаласымен байланыстыратын негізгі әрі іс жүзінде жалғыз көлік қатынасы жолы болып табылады", - делінген хабарламада.

Әкімдік көлік құралдары бұрын Іле ауданында тіркелген Алатау қаласының тұрғындарына көлік құралының техникалық паспортын жаңарту қажет екенін еске салды.

  • жаңарту мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (ГРНЗ) ауыстырмай жүзеге асырылады;
  • қызмет Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (Мамандандырылған ХҚКО) көрсетіледі;
  • қызмет құны – 1,25 АЕК (5 406 теңге).

"Техникалық паспорт жаңартылғаннан кейін көлік құралы жүйеде Алатау қаласында тіркелген ретінде автоматты түрде есепке алынып, Алматы – Қонаев ақылы жол учаскесі бойынша тегін жүріп-тұру құқығы беріледі. Қала тұрғындарынан түсіністік танытып, құжаттарды алдын ала талапқа сәйкестендірулерін сұраймыз", - делінген хабарламада.

Алатау қаласының тұрғындары Алматы-Қонаев ақылы жолы арқылы тегін жүре алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.