jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар, боран күтіледі

Боранды күн
Боранды күн. Көрнекі фото: Рixabay.com

Синоптиктер 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Қазақстанда күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады.

Осыған байланысты елдің басым бөлігінде қар, боран, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі.

Тек Қазақстанның орталық және шығыс бөліктерінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады.

Сондай-ақ демалыс күндері республика бойынша тұман, жел күшейіп, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде -12...-23 градусқа дейін төмендеуі ықтимал, күндіз -8...-18 градус шамасында аяз сақталады. Орталық облыстарда түнде -5...-17 градус, күндіз 0...-10 градус шамасында болады.

Республиканың оңтүстігінде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі: түнде ауа температурасы +6...-7 градус аралығында болса, күндіз +3...+13 градус жылы болады.

Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы 0...-10 градусқа дейін, таулы аудандарда -12..-17 градусқа дейін төмендейді, күндіз +3...+10 градус жылы болады.

Елдің қалған аумағында айтарлықтай өзгерістері күтілмейді.

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар, боран күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.