Шавкат Рахмоновтың жары жол апатына түсті: іс сотқа жолданды
Опубликовано:
Шавкат Рахмоновтың жары, Гүлайым Рахмонованың қатысуымен болған жол апатына қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Жамбыл облысы прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қадағалау органының баспасөз қызметі іс қазіргі таңда сотқа жолданғаны туралы ақпаратты растады.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы шілдеде "Шавкат Рахмоновтың жұбайының қатысы бар" делінген жол апаты туралы ақпарат тараған еді. Жол-көлік оқиғасы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы тас жолда болған.
Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол талғамайтын көлік аударылған. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2337831-shavkat-rahmonovtyng-zhary-zhol-apatyna-tusti-is-sotqa-zholdandy/