Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды
Опубликовано:
Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те алғашқы ұңғыма сәтті іске қосылған. Технологиялық қондырғылар іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
"Қазіргі уақытта 5 ұңғыма пайдалануға берілді. "Теңізшевройл" компаниясының техникалық қызметтері келесі топтық өлшеу қондырғысын іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Мұнай өндіру көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтандырылып, өндірістік процестердің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін, 26 қаңтарда Екінші буын зауыты сәтті іске қосылған болатын. Оның жұмысы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған Королев кен орнынан жеткізілетін шикізатпен қамтамасыз етіліп жатыр.
"ҚР Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жобаның жоспарлы қуаттылыққа қысқа мерзімде шығуын қамтамасыз ету мақсатында операторға жан-жақты қолдау көрсетуде.
Қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін өндірістік нысандарда тікелей энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жұмыс жүргізуде. Жағдай тұрақты бақылауда, басты басымдық – өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қатаң талаптарын сақтау", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қаңтарда Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауытының аумағында өрт шығып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланған еді.
Kazinform-ның мәліметінше, Теңіздегі электр генераторларында екі өрт болған.
Кейінірек Теңіз және Королев кен орындарындағы өндіріс уақытша тоқтатылғаны белгілі болды.
Кейінірек Энергетика министрлігі "Теңізшевройл" өндірістік нысандарындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2338032-tengiz-ken-ornynda-munai-ondiru-qaita-zhandandy/