jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Солтүстік өңірлерге ерекше мәртебе беру": Әділет министрлігі желіде тараған қауесетті жоққа шығарды

Әділет министрлігі ғимараты
Әділет министрлігі ғимараты. Иллюстрациялық фото: ҚР Әділет министрлігі

Әділет министрлігі желіде тараған жалған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде әділет министрі Ерлан Сәрсембаев еліміздің солтүстік өңірлеріне ерекше құқықтық мәртебе беруді ұсынды деген мазмұндағы ақпарат таралып жатыр.

ҚР Әділет министрлігі аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Министрлік жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

"Барша азамат мен БАҚ-ты тек ресми дереккөздерге және тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырамыз!" - делінген хабарламада.

"Солтүстік өңірлерге ерекше мәртебе беру": Әділет министрлігі желіде тараған қауесетті жоққа шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.