jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілерін даярлау курстарына қатысты маңызды үндеу жасады

жүргізуші
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: pexels.com

Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілерін даярлау курстарына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде жүргізушілерді жедел онлайн курстар арқылы даярлау жөнінде таралып жатқан ұсыныстарға назар аударып отыр.

"Болашақ жүргізушілер автомектепте толық оқу курсынан өтуге тиіс. Бұл курстың құрамына міндетті түрде практикалық сабақтар кіреді. Жүргізу дағдыларын тек онлайн форматта толық меңгеру мүмкін емес", - делінген мәлімдемеде.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаевтың айтуынша, жүргізу дағдылары нақты жол жағдайында ғана қалыптасады. Онлайн курстар толыққанды оқытуды алмастыра алмайды.

Сондай-ақ министрлік өкілдері автомектепті аяқтағанын растайтын қағаз түріндегі куәлікті алу талап етілмейтінін атап өтті. Оқу туралы мәліметтер арнайы ақпараттық жүйелер арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарына электронды түрде жолданады.

ІІМ өкілдері жүргізушілерді даярлау сапасы жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін ескертеді. Осыған байланысты азаматтарды оқу мәселесіне жауапкершілікпен қарап, күмәнді әрі заң талаптарына сай келмейтін ұсыныстарға сенбеуге шақырады.

Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілерін даярлау курстарына қатысты маңызды үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.