Қазақстаннан Кипрге әуе рейстері ашылады: билеттер сатыла бастады
Опубликовано:
Қазақстан мен Кипр арасында әуе қатынасы ашылады. Air Astana әуекомпаниясы Кипр Республикасының Ларнака қаласына тұрақты рейстерге билет сата бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жөніндегі жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Ведомствоның баспасөз қызметі осы жұмыс аясында Air Astana әуекомпаниясы Кипр Республикасының Ларнака қаласына тұрақты рейстерге билеттер сатылымын ашқанын хабарлады.
Министрлік мәліметінше, маусымнан бастап қыркүйекке дейін әуетасымалдаушы Астана және Алматы қалаларынан Ларнака қаласына тұрақты рейстер орындайды.
Астанадан рейстер 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 40 минут, кері 5 сағат 5 минут.
Алматыдан рейстер 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін бейсенбі және жексенбі күндерге жоспарланған. Ұшу ұзақтығы 6 сағат 5 мин., кері 5 сағат 30 мин.
Барлық рейстер заманауи Airbus A321LR үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2338413-qazaqstannan-kiprge-aue-reisteri-ashylady-biletter-satyla-bastady/