jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Бектенов ІІМ-ге конституциялық реформа туралы жалған мәлімет таратқандарды қатаң жауапқа тартуды тапсырды

үкімет мүшелері
Үкімет мүшелері. Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді. Онда үкімет басшысы жаңа Конституция жобасына қатысты жалған әрі бұрмаланған ақпаратпен күресуге баса назар аударды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ жалған әрі бұрмаланған ақпаратпен күресуге баса назар аударылды.

"Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркеліп жатыр. Ішкі істер министрлігіне "Заң мен тәртіп" қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды", - делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жұмысты үйлестіру премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

Бектенов ІІМ-ге конституциялық реформа туралы жалған мәлімет таратқандарды қатаң жауапқа тартуды тапсырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.