"Қорғас" орталығы екі аптаға жабылады
Опубликовано:
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) уақытша жабылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Орталықтың Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, "Қорғас" 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жабық болады.
Бұған ҚХР-да Қытай Жаңа жылының тойлануы және осыған байланысты "Қорғас" ШЫХО-ның қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуы себеп.
"Аталған кезеңде Қазақстан тарапында туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2026 жылғы 2 наурыздан бастап орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады", - деді "Қорғас" ШЫХО әкімшілігі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2338476-qorgas-eki-aptaga-zhabylady/