Алдағы күндері Қазақстанда +17 градусқа дейін жылы болады
Опубликовано:
Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы +17 градусқа көтеріледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынды күн райы күтіледі.
Кей күндері қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ, тұман болып, бұрқасынмен бірге екпінді жел тұруы мүмкін.
Сонымен қатар оңтүстік-батыс бағыттағы жылы ауа массаларының келуіне байланысты күндіз ауа температурасы солтүстікте 0...-7°С-қа дейін, батыста, солтүстік-батыста және орталықта -5°С-тан... +2°С-қа дейін, оңтүстікте +8... +17°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +5...+15 °С-қа дейін көтеріледі.
4 ақпаннан бастап елдің батыс өңірлерінде скандинавиялық антициклон қалыптасып, соның әсерінен түнде ауа температурасы -20...-28°С-қа дейін төмендейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2338533-aldagy-kunderi-qazaqstanda-17-gradusqa-deiin-zhyly-bolady/