Қазақстан халқының саны қанша: жаңа деректер жарияланды
Опубликовано:
Читать на русском
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халықының саны – 20 495 975 адам.
Бір жылда халық саны 212 576 адамға көбейген. Былтыр жыл басында халық саны 20 283 399 адам болған.
Халық санының ең көп өсімі Астанада байқалып отыр. Елордаға 109 530 адам көшіп барған. Астана халқының саны қазір – 1 638 233 адам, 2025 жылдың басында мұнда 1 528 703 адам тұрған.
Алматыда 55 869 адамға көбейіп, қазір оңтүстік астана халқының саны 2 347 924 адамға жеткен.
Халықтың басқа жаққа қоныс аударуы Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау өңірлерінде тіркелген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2338538-qazaqstan-halqynyng-sany-qansha-zhanga-derekter-zhariialandy/