Нұрбанк тағы да "Жылу сыйлаймыз" науқанын қолға алды
Опубликовано:
Биыл Қазақстан қалаларында қыс қатты болды: солтүстік өңірлерде ауа температурасы –25°C-тан төмен болған күндер аз болған жоқ. Мұндай күндері коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді – тұрғындар жұмысқа баруға енді дайындалып жатқан кезде, техника мен қызметкерлердің әрқайсысы өз бағыты бойынша жұмыс істеп, көшелер мен тротуарларды, аялдамаларды тазалап, мұздарды жинап жатады.
Аязды күні қала көшелерінің тазалығына жауап беретін жандарға қолдау білдіру үшін Нұрбанк тоғыз жыл бойы "Жылу сыйлаймыз" науқанын өткізіп келеді. Бастаманың мәні қарапайым: алғыс пен қолдау ретінде таңертең кофемобильдер коммуналдық жұмысшылар жұмысқа шығатын жерлерге барып, оларға ыстық шай мен жаңа піскен тоқаштар ұсынады. Биыл науқан Қазақстанның он қаласында іске асып жатыр. Олар: Астана, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Семей, Петропавл, Павлодар, Өскемен және Орал.
Коммуналдық қызмет жұмысшыларының жұмыс күні өте ерте басталады. Қала қарбаласы басталмай тұрып, көшелерді қар мен мұздан тазалап үлгеру үшін көбі сағат таңғы бестен жұмысқа кіріседі. "Таңғы бесте жұмыста жүреміз", - дейді олар. Суықтағы әңгіме де қысқа-нұсқа: қолдарын қалтасына салып жылыта қалады да, бір шыныаяқ шай ішіп, аялдап алады. Оларда кейде бұған да уақыт болмайды.
Коммуналдық қызмет жұмысшылары кофемобиль алдындағы мұндай демалысты түрліше өткізеді: бірі қалжыңдап үлгеріп жатса, екіншілері үнсіз ғана шайын ішіп, жылынып алады.
Көп жұмысшы Нұрбанктiң сары-көк логотипі бар көліктерді алыстан таниды.
Кофемобиль алдына келгендердің бірі – Қойбағар Бақытжан. Ол 11 жылдан бері автобус жүргізушісі болып жұмыс істейді және әр күні жұмысшыларды учаскесіне жеткізіп салумен айналысады – Шамалған станциясынан, Қошмамбет және Көлащы ауылдарынан, сондай-ақ Алматы қаласы Бостандық ауданынан.
"Жұмысымызды таңғы сағат бесте бастаймыз: бірінші мен бәрін жинап, қаладағы учаскелерге жеткіземін. Кешке, шамамен сағат бестерден бастап жұмысшыларды үйлеріне апарып тастаймын. Бұл науқанды бірнеше жылдан бері білемін және біз секілді қарапайым халықты ұмытпай, қолдау жасайтынына Нұрбанкке алғыс айтамын", - дейді ол.
Алматы қаласындағы көшелердің бірінде тұрған кофемобильдің жанынан банк қызметкерлері коммуналдық қызмет жұмысшылары Жеңіс Мұратұлы мен Кәміт Майнұрды кездестіріп қалдық. Олар - Қытайда туып-өскен азаматтар, ал қазір Қазақстанда тұрады және осында жұмыс істейді.
"Қазақстанға алты жыл бұрын көшіп келгенмін. Қазір Ұзынағаш ауылында тұрамын. Автобусқа үлгеру үшін түнгі сағат екіде тұрамын. Кейде таңғы асымды ішуге үлгермеймін, сол себепті мұндай кездері ыстық шай – расымен де үлкен қолдау", - дейді Жеңіс.
Қазақстанда тұрып жатқанына 20 жылдан астам уақыт болған Кәміт Майнұр болса, жұмыс кестесіне үйреніп кеткенін және жұмысын қала өміріне қосқан үлкен үлес деп санайтынын жеткізді. "Қала үшін тырысып жатырмыз. Маған бәрі ұнайды", - дейді ол.
Тұрғындар еңбегін бағалап, алғыс айтатын сәттер көп бола ма деген сауалға Қойбағар Бақытжан өмірінде болған оқиғамен жауап берді:
"Бірде өздеріңдей жас балалар бізге келіп, дастархан жайып, алдымызға ет қойды. Қатты толқып, алғысымызды айттық, бата бердік. Олар біздің қандай қиын жағдайда жұмыс істейтінімізді түсінетінін айтты. Қалалықтардан да көп алғыс естіп жатамыз", - дейді ол.
Мұндай сәттер басқа да жұмысшыларда да аз кездеспейді екен. Мәселен, Доспанов Ережеп жақында болған ерекше әрі жылы оқиғаны есіне алды:
"Бірнеше күн бұрын жанымызға жас бала келді. Қолында бір литрліктен төрт банка бал бар екен. Әрқайсымызға бір-бірден беріп: "Еңбектеріңізге рақмет", - деп кетті. Қатты таңғалып, оған алғысымызды жаудырдық", - дейді Ережеп.
Алайда жұмысшылар алғыс емес, ренішін айтып жататындар да табылады дейді.
"Мына алаңдарды тазарту үшін жұмысты таңғы сағат сегізден, еш кідіріссіз бастаймыз. Кейде адамдар ренжіп: "Неге таңғы сағат алтыдан бастап жұмыс істемейсіздер?", - деп жатады. Барлығына бірдей қалай үлгересің?", - дейді ол.
Мұндай жағдайларды жұмысшылар әдепкі жағдай секілді сабырлы кейіппен баяндайды. Олардың еңбегі көп жағдайда еленбей жататыны да жасырын емес.
Алматыдағы коммуналдық қызметте 18 жылдан бері жұмыс істейтін Малика Шуренованың айтуынша, осы уақытқа дейін жақсы жағына өзгерген тұстар көп: тұрғындар саналы әрі жауапты бола түскен.
"Қоқыс контейнерлерінің жаны лас болып жататын кездер есімде. Қазір қоқыс жәшігі мен бактарды жиі қолданады. Бүгінде қоқыспен емес, қар мен құммен көбірек күресеміз", - деп әзілдейді Малика.
Қалалықтардың жұмысымызға деген қатынасы да өзгерген, дейді ол:
"Қалалық автобустарға мінгенде, жолақысын алмай жатады. Ал қатты аяздарда кей жүргізушілер мен кондукторлар сәл жылынып алуымыз үшін автобусқа мінуді ұсынады. Автобусқа кірген кезде ренжіп, ұрысатындар да болатын еді. Қазір бәрі басқаша. Бригадиріміздің өзі суықта көп тұрмай, бес-он минуттан жылынап алыңдар дейді", - деп баяндайды ол.
Далада аяз тұрып, омбы қар жатқан кезде кішігірім ықылас пен ниеттің өзі маңызды бола түседі. Мәселе шай мен тоқашта емес, адамның адамға деген көңілі мен қамқорлығында. Тап-таза тротуарлар мен көшелердің артында қала тұрғындарының өмірін жайлы ете түсу үшін жұмысқа басқалардан ертерек шығатын жандар тұрғанының белгісі.
Нұрбанк өкілдері "Жылу сыйлаймыз" бастамасының мәні – коммуналдық қызмет жұмысшыларының еңбегіне халықтың назарын аударту және көзден таса қалатындардың жұмысына алғыс айту екенін мәлімдеді.
"Жылу сыйлаймыз" науқаны арқылы біз коммуналдық қызмет жұмысшыларының еңбегін елеп, оларға ауыр жұмысы үшін алғыс білдіргіміз келеді. Алғысты сөзбен емес, іспен көрсетуге шақырамыз. Кейде жай ғана "рақмет" деп айту немесе ыстық сусын ұсынудың өзі жеткілікті. Әр таза көшенің артында халықтың өмірін жеңілдету үшін қиын жағдайларда жұмыс істейтін жандар тұр", - дейді Нұрбанк қызметкерлері.
"Жылу сыйлаймыз" науқаны – алғыс пен қолдаудың маңызды нышаны. Науқан аяздағы жұмысты жеңілдетпесе де, қоғамның жұмысшыларға деген құрметі пен ілтипатын арттырады. Ал қыстыгүні мұндай ниет ыстық шайдан да артық жылу сыйлайды.
*"Нұрбанк" АҚ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.15/193 лицензиясына ие.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2338581-nurbank-tagy-da-zhylu-syilaimyz-nauqanyn-qolga-aldy/