jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

БҚО активі жаңа Конституцияның жобасын қолдады

БҚО әкімдігі
БҚО әкімдігі. Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

БҚО облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылау жөніндегі алқа отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, зиялы қауым, жоғары оқу орындарының ректорлары, бизнес-қауымдастық және БАҚ өкілдері қатысты. Аудан әкімдері селекторлық режим арқылы қосылды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы жаңа Конституцияны қабылдау "Әділетті Қазақстан" қағидаттарын орнықтыру жолындағы маңызды әрі тарихи қадам екенін ерекше атап өтті.

""Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бастамашы болған конституциялық реформа еліміздің болашақ даму бағытын айқындайды. Конституциялық комиссияның жұмысы жария жүргізіліп, нәтижесінде халық назарына түзетулер жобасы ұсынылды. Ендеше ел тағдырындағы елеулі оқиғаға байланысты талқылаулар да терең, байыпты әрі сындарлы болуы маңызды", - деді облыс әкімі.

Облыс әкімі
Облыс әкімі. Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Атауов заң шығаруға бастамашылық ете алатын жаңа институт - Халық Кеңесінің құрылуы және арнайы заңмен реттелуі азаматтық қоғамның әлеуетін арттыратын батыл бастама екенін жеткізді.

БҚО әкімдігі
БҚО әкімдігі. Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Журналист, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин вице-президентті өз өкілеттігін атқару кезеңінде ешқандай партияда болмауға міндеттеу саяси ұйымдардың тең даму жағдайын қамтамасыз етуге, өзара бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

БҚО әкімдігі
БҚО әкімдігі. Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

"AMANAT" партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, ҚХП облыстық филиалының төрағасы Борис Лаврентьев тағдыршешті мәселелерді халықтың талқысынан өткізудегі батыл бетбұрыстарға оң баға беріп, қоғам мүшелерін азаматтық жауапкершілік танытуға шақырды.

БҚО әкімдігі
БҚО әкімдігі. Фото: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің проректоры Жанар Досқазиева алғаш рет азаматтардың жеке деректерінің цифрлық ортада қорғалуын қамтамасыз ету міндеті негізгі құжатқа енгізілгені Ата Заңның уақыт талабына сай өзгергенін айғақтайтынын айтты.

Жиын соңында облыс әкімі жауапты органдарға жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырып, қоғам өкілдерін белсенділік танытуға шақырды.

БҚО активі жаңа Конституцияның жобасын қолдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.