jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Екінші АЭС Алматы облысында салынады: Бектенов тиісті қаулыға қол қойды

АЭС
АЭС. Көрнекі сурет: pexels.com

Ел премьер-министрі Олжас Бектенов екінші атом электр станциясын Алматы облысы аумағында салу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Екінші атом электр станциясы" ядролық қондырғысын (бұдан әрі – ядролық қондырғы) салу және Алматы облысының Жамбыл ауданы – ядролық қондырғы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулы мәтінінде.

Еске сала кетейік, биыл 8 тамызда Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы басталды. Шараға Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен "Росатом" басшысы Евгений Лихачев қатысты. Құрылыс Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында жүріп жатыр.

Артынша, Мәжіліс кулуарында Атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев екінші атом электр станциясының қай жерде салынатынын айтқан болатын. "Атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, онда Қазақстанда атом электр станциясы салынатын екінші перспективалық алаң анықталды. Келесі жер – Алматы облысының Жамбыл ауданы", - деді ол.

Ал 2025 жылғы 5 желтоқсанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында екінші атом электр станциясының құрылыс ауданын талқылауға арналған жария тыңдау өтті.

Екінші АЭС Алматы облысында салынады: Бектенов тиісті қаулыға қол қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.