"Қалың қар жауады": Қазақстанда 3 ақпанда ауа райы қандай болады
Опубликовано:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертеі, 3 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Кең ауқымды циклонмен байланысты фронтальды жүйелер жылжып, салдарынан Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, боран соғады, еліміздің батысында, оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.
Қазақстанның батысында қалың қар түсіп, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болатыны болжанады. Республикамыз бойынша көрініс табатын ортақ табиғи құбылыстарға желдің күшеюі, тұман болуы жатқызылады", - делінген синоптиктер ескертуінде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2338695-qalyng-qar-zhauady-qazaqstanda-3-aqpanda-aua-raiy-qandai-bolady/