jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазгидромет көктемгі су тасқыны бойынша алдын ала болжамды жариялады

Еріген қар
Еріген қар. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне арналған алдын ала гидрологиялық болжамды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болжам суық кезеңде түскен жауын-шашын мөлшеріне, топырақтың қату тереңдігіне және топырақ бетінде мұз қабатының болуына негізделген. 

Мамандар бұл болжам алдын ала мәлімет екенін және алдағы ауа райы жағдайларын ескере отырып нақтыланатынын ескертеді.

Өзендерде мұз ерігеннен кейін халықты және жергілікті басқару органдарын жедел хабардар ету мақсатында қысқа мерзімді гидрологиялық болжамдар апта сайын жарияланып отырады.

Батыс және шығыс өңірлердің облыстарында, негізінен, БҚО, Маңғыстау, Павлодар, ШҚО, Абай, Қарағанды облысының шығысы мен Жетісу облысының солтүстігінде күзгі ылғалдану көрсеткіштері нормадан жоғары екені байқалады.

Сонымен қатар солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлерде – Ақтөбе, Ұлытау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Атырау, Қостанай, Ақмола, СҚО, Алматы облыстарының басым бөлігінде және Қарағанды облысының шығыс бөлігінде ылғал мөлшері негізінен нормадан төмен немесе орташа деңгейде қалыптасқан. Ең төменгі мәндері 25 мм-ден аз.

Сонымен қатар солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлерде, Ақтөбе, Ұлытау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Атырау, Қостанай, Ақмола, СҚО, Алматы облыстарының басым бөлігінде және Қарағанды облысының шығыс бөлігінде ылғал мөлшері негізінен нормадан төмен, немесе орташа деңгейде қалыптасқан. Ең төменгі мәндері 25 мм-ден аз.

Топырақтың қатуы елдің басым бөлігінде байқалады. Еріген топырақ тек Қазақстанның оңтүстігіндегі жекелеген нүктелерле сақталуда. Топырақ ең терең қатқан өңірлер елдің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және орталық бөлігінде – Қостанай облысында 140 см, Ақтөбе облысында 127 мм дейін, Павлодар облысында 146 см дейін, Қарағанды облысында 125 см дейін, және Ақмола облысында 148 см дейін байқақалады.

Суық кезеңде түскен жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары аймақтар негізінен шығыста – ШҚО мен Абай облысының таулы және тау етегіндегі бөліктерінде, солтүстікте Павлодар облысында, Ақмола мен СҚО-ның басым бөлігінде, Қостанай мен Қарағанды облыстарының солтүстігінде және Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында, сондай-ақ Маңғыстау облысының шығыс бөлігінде байқалады.

Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе Атырау облыстарының басым бөлігі, оңтүстікте Түркістан мен Жамбыл облыстарының басым бөлігі, оңтүстік-шығыста Алматы мен Жетісу облыстары және орталықта Ұлытау облысының басым бөлігі, сондай-ақ Қостанай мен Қарағанды обылстарының оңтүстік бөліктері аймақтарында нормадан төмен. Кей жерлерде, мысалы, Абай облысының жазық бөліктерінде және Қызылорда облысының едәуір бөілігінде жиналған жауын-шашын мөлшері норма шамасында.

Консультативтік-синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2026 жылғы ақпан жылы және жауын-шашын мөлшері климаттық норма шегінде болады деп күтіледі. Ел аумағының басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары, ал елдің оңтүстік-шығысында – Алматы облысының оңтүстік-шығысы, Жетісу және ШҚО, Абай облысында нормаға жуық болады деп болжанады.

Жауын-шашын респбуликаның көп бөлігінде климаттық норма шамасында, ал солтүстік-батысындағы БҚО, Ақтөбе, Қостанай облысында, СҚО-да басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстік батысында, елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, шығысындағы таулы және тау бөктері аумақтарында нормадан жоғары болады деп күтіледі.

Қазгидромет көктемгі су тасқыны бойынша алдын ала болжамды жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.