jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Отандық әуекомпания тегін қолжүк нормасын 7 килограммға ұлғайтады

әуежай
Әуежай. Иллюстрациялық фоо: NUR.KZ/Владимир Третьяков

1 наурыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясының жолаушылары осыған дейінгі 5 кг орнына салмағы 7 кг-ға дейінгі қолжүгін алып жүре алады. Бұл туралы қазақстандық лоукостерге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әуекомпаниясының мәліметінше, норма 7 кг-ға дейін ұлғайтылғанымен, қолжүк өлшемдері өзгеріссіз (56×23×36 см) қалады.

"Бұл шешім жолаушылар сұранысының құрылымын, операциялық үдерістерді және әуе тасымалдаушылардың нарықтағы тәжірибесін қамтыған кешенді бизнес-талдау нәтижесінде қабылданды", - делінген хабарламада.

Жаңа ережелер 2026 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді және осы күннен бастап орындалатын рейстерге рәсімделген барлық әуе билетіне, оларды сатып алу күніне қарамастан, қолданылады. Ал 2026 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда) орындалатын рейстер бұрынғы талаптар бойынша, яғни бір жолаушыға 5 кг-ға дейінгі қолжүк нормасымен жүзеге асырылады.

"Сонымен қатар әуекомпаниясы one-piece concept қағидатын сақтайды: жолаушы өзімен бірге белгіленген салмақ пен өлшем талаптарына сәйкес келетін бір ғана қолжүк алып жүре алады.

Әуекомпаниясының 2024-2025 жылдардағы деректеріне сәйкес, FlyArystan жолаушыларының шамамен төрттен үшеуі сапарға тек ең аз көлемдегі қолжүкпен шыққан", - делінген хабарламада.

Отандық әуекомпания тегін қолжүк нормасын 7 килограммға ұлғайтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.