jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Атырау облысындағы отбасының жоғалуы: күдіктінің балалары мемлекет қамқорлығына алынды

ойыншық
Ойнап отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Атырау облысындағы Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтірді деген күдіктінің кәмелетке толмаған балалары мемлекет қарауына берілді, деп хабарлайды Ақжайық.

Басылымның Атырау облыстық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, 2 ақпанда полиция департаментінен балаларға қатысты жедел шара қабылдап, оларды қауіпсіз жерге орналастыру жөнінде ресми хат түскен.

Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия шешімімен үш бала уақытша Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Ал үш және бір жастағы кіші екі бала мамандандырылған Сәбилер үйіне жіберілді.

Басқарма балалардың жағдайы бақылауда екенін, уәкілетті органдар олардың қауіпсіздігін және құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп отырғанын нақтылады.

Басылым мәліметінше, қамқорлыққа алу туралы шешім қабылданғанға дейін балалар әжесінің қарауында болған.

Бұған дейін полиция 29 жастағы күдіктіге ресми түрде іздеу жариялаған.

Бұған дейін әкімдіктің хабарлауынша, отбасы қарапайым өмір сүрген, негізгі табыс көзі қарт туыстарының зейнетақысы болған. Көршілерден ешқандай шағым түспеген, отбасы тыныш, ешкіммен жанжалдасып көрмеген отбасы деп сипатталған.

Қазіргі уақытта күдікті әлі іздеуде. Тергеу шаралары жалғасуда. Полиция азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге және тексерілмеген деректерді таратпауға шақырады.

Жангелдин ауылындағы отбасының жоғалуы

Биыл қаңтардың басында Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасының – ерлі-зайыпты мен олардың ересек балалары іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

Облыстық ПД жариялаған бағдарға сәйкес, Мақсот Қарабалинге, Нәсіп Өтешқалиеваға және Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевқа іздеу жарияланды.

6 қаңтарда Атырау облыстық ПД ерлі-зайыпты өлі табылғанын, олардың ұл мен қызы әлі іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Кейінірек Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке (қаза тапқан ерлі-зайыптының күйеу баласы) қатысты бағдар жарияланды. Оның әйелі екеуінің қайда екені белгісіз. Оларға халықаралық іздеу жарияланды.

Сондай-ақ полиция жоғалған отбасыға қатысты іс бойынша жаңа деректерді бөлісіп, марқұм зейнеткерлердің денесінде пышақ іздері бар екенін мәлім етті.

Атырау облысындағы отбасының жоғалуы: күдіктінің балалары мемлекет қамқорлығына алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.