"Жаңбыр және қар": сәрсенбіде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Опубликовано:
Ертең, 4 ақпанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күннің соңында облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Жезқазғанда тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 05 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавлда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 05 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында түнде қатты қар, күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Ақтөбеде көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Абай облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2339160-zhangbyr-zhane-qar-sarsenbide-qazaqstannyng-birneshe-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhasaldy/