Қар, жаңбыр, +16 градус: Қазақстан мегаполистерінде бүгін күн райы қандай болады
Опубликовано:
4 ақпанда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда қар, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін көтеріліп, түнде 1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,5 м/с.
Астанада күн жауын-шашынсыз, бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -6 градусқа дейін жетіп, түнде -20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,2 м/с.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 16 градусқа дейін жетіп, түнде 4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 4,1 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2339214-qar-zhangbyr-16-gradus-qazaqstan-megapolisterinde-bugin-kun-raiy-qandai-bolady/