jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Белгілі актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті

Балтабай Сейітмамытұлы
Балтабай Сейітмамытұлы. Фото: t.me/madenietaqparat

76 жасқа қараған шағында белгілі актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден озды. Актердің қазасына байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлының өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады", - делінген көңіл айту жеделхатында.

Балтабай Сейітмамытұлы – саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнаған сирек болмысты тұлға еді.

Ол Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына айналған бейнелер галереясын қалыптастырып, классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық оймен, биік актерлік мәдениетпен сомдай білді.

"Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Балтабай Сейітмамытұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз", - делінген көңіл айту жеделхатында.

Белгілі актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.