jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Депутат ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды

Ерболат Саурықов
Депутат Ерболат Саурықов. Видеодан кадр: t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов премьер-министр Олжас Бектеновке ауылдық жердерде тұрғын үй салу мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады. Депутат тұрғын үй салуға тікелей бағытталған жеке мемлекеттік бағдарлама әлі күнге дейін жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ауыл" партиясы фракциясы депутаты өңірлерде тұрғындар ауылдағы тұрғын үй тапшылығы мәселесін жиі көтеретінін айтты.

Ерболат Саурықовтың айтуынша, бұл мәселе ауылдан жастардың жаппай көшуіне, кадр тапшылығына және ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлсіреуіне тікелей әсер етіп жатыр.

Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында және "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілгенімен, ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға тікелей бағытталған жеке мемлекеттік бағдарлама әлі күнге дейін қалыптастырылмаған.

Қолданыстағы бағдарламалар негізінен инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды қамтиды, ал тұрғын үй мәселесі жүйелі түрде шешілмей отыр", - дейді депутат.

Осы орайда депутат еліміздегі оң тәжірибе ретінде Қызылорда облысын мысалға келтірді. Бұл өңірде соңғы 3 жылда жаңа тұрғын үйлер салынып, алғаш рет 1800-ге жуық пәтер пайдалануға берілген. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үйлер салуға бюджеттен 58,7 млрд теңге бөлінді.

Осыған байланысты, "Ауыл" фракциясы үкіметке төмендегідей нақты ұсыныстар енгізеді:

  • ауылдардың демографиялық, экономикалық және әлеуметтік әлеуетін ескере отырып, ауылдық елді мекендердің бірыңғай картасын әзірлеу. Бұл карта әр ауылдың даму бағытын айқындауға, тұрғын үй құрылысы мен мемлекеттік қолдау шараларын дәл жоспарлауға мүмкіндік береді.
  • ауылдық елді мекендерге арналған, тұрғын үй салуға тікелей бағытталған жеке мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу.
  • уылда жұмыс істеп, сол жерде үй салып, тұрмысын жақсартқысы келетін жастар мен жас отбасыларды қолдауға арналған "Туған жер, туған ел, өз ауылым" секілді арнайы жобаларды енгізу.
  • мемлекет есебінен салынатын тұрғын үйлерді әлеуметтік санаттар бойынша бөлу. Атап айтқанда, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жас отбасыларға, ауылға көшіп келгісі келетін азаматтарға арналған жеке қолдау тетіктерін (жеңілдіктер, кредиттік схемалар, инженерлік инфрақұрылымға қолжетімділік, жұмыспен қамту) қарастыру қажет.

Фракция мүшелері аталған ұсыныстарды мұқият қарастырып, тиісті шешімдер қабылдауды сұрады.

Депутат ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.