jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Өскемендегі экологиялық жағдай: депутат тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты

тұмша басып тұрған қала
Тұмша басып тұрған қала. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Марат Башимов Өскеменде экологиялық жағдай күрделі екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Депутат адам денсаулығына қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді.

"Бәріміз Өскемендегі экологиялық жағдайдың күннен күнге нашарлап, іс жүзінде экологиялық дағдарысқа айналғанына куә болып отырмыз. Бұл жерде әңгіме жағдайдың бір рет қана шектен шығып тұрғаны туралы немесе маусымдық құбылыс туралы ғана емес, керісінше, азаматтардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіретін ауаның жүйелі түрде ластануы туралы болып отыр", - деді депутат.

Оның айтуынша, қаңтарда Қазгидрометтің ресми мәліметі бойынша, Өскеменде күкіртсутегі мен күкірт диоксиді рұқсат етілген шекті концентрациясынан 3,6 есе асып кеткен.

Депутат мектеп оқушыларының шұғыл түрде қашықтан оқытуға ауыстырылғанын, ал ата-аналар балаларын сыртқа шығаруға қорқатынын еске салды. Сондай-ақ ол аймақта тыныс алу жолдарының аурулары көбейіп, созылмалы аурумен ауыратын адамдардың жағдайы нашарлап бара жатқанын атап өтті.

"Тұрғындар күнделікті қауіпті ауамен тыныс алуға мәжбүр және мемлекеттен тиісті өтемақы немесе жүйелі қолдау көріп отырған жоқ. Нақты шаралар "сыртқа сирек шығыңдар" деген ұсыныстардан әрі аспайды", - деді Марат Башимов.

Ол келесі сұрақтарға жауап беруді сұрады:

  • үкімет қандай шұғыл шаралар қабылдайды;
  • экологиялық қауіпті аймақтарда тұратын азаматтарға әлеуметтік төлемдер мен жалақыны есептеу кезінде экологиялық коэффициенттерді енгізу қарастырылып жатыр ма;
  • неліктен дамыған елдердің экологиялық дағдарыс кезіндегі халықты қорғау тәжірибесі елімізге бейімделіп, енгізілмеген?
Өскемендегі экологиялық жағдай: депутат тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.