jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мұз астына түсіп кеткен бес жасар баланы құтқарып қалған тараздық тұрғын марапатталды

Сәкен Сағындықов
Сәкен Сағындықов. Фото: Жамбыл облыстық ТЖД

Таразда мұз астына түсіп кеткен бес жасар баланы құтқарып қалған тұрғынға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, өткен жексенбі күні Тараз қаласының тұрғыны Сәкен Сағындықов қаладағы шағынаудандардың біріндегі су арнасының маңынан өтіп бара жатып, төтенше жағдайдың куәсі болған.

Белгілі болғандай бес жасар бала тайып құлап, мұз астына түсіп кеткен.

Батылдық пен табандылық танытқан азамат баланы жедел түрде судан шығарып, ата-анасы келгенше жақын маңдағы фитнес-орталыққа жеткізген.

Көрсеткен ерлігі мен баланың өмірін сақтап қалғаны үшін Сәкен Сағындықов Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хатымен марапатталған және Тараз қаласы әкімдігінен бағалы сыйлық табысталған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы су қоймасында үш жасөспірімді құтқарып қалған ер адам марапатталған еді.

Мұз астына түсіп кеткен бес жасар баланы құтқарып қалған тараздық тұрғын марапатталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.