jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Ақмола облысында жаппай ауруханаға түскен кадеттердің жағдайы қалай: денсаулық сақтау басқармасы жауап берді

аурухана
Медициналық құралдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында инфекциялық ауруханада жатқан 46 кадет шығарылды. Тағы 12-cі бүгін үйге жіберіледі. Қазіргі уақытта стационарда 42 кадет ем қабылдап жатыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Оның ішінде 24 кадетке "қызылша" диагнозы қойылған. Қалғаны жіті респираторлық вирустық инфекция дертіне қарсы ем қабылдап жатыр. Ал емдеу курсын аяқтаған 60 адам бүгінгі таңда бақылауда. Науқастардың 84 пайызы әскери колледж аумағында ашылған провизорлық госпитальда жатыр.

"Кадеттер мен әскери қызметшілерді қосқанда, жалпы контингент саны 520 адам. Оның ішінде 99-ы — сержанттар құрамы, ал 334 адам — ем қабылдап жатқандар, емнен кейін бақылаудағылар және карантиндегілер. Қазіргі уақытта  барлық ем және санитария-эпидемиология іс-шаралары жүргізіліп жатыр, жағдай толық бақылауда.  Пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық, олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермеков.

Дереккөз КТК телеарнасы

Щучинсктегі Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде білім алушылар арасында қызылша ауруының тіркелуіне байланысты карантин жарияланғанын жазған едік.

Қорғаныс министрлігіне қарайтын бұл оқу орны Щучинск қаласында орналасқан. Кадеттер 11 қаңтарда каникулдан оралғаннан кейін олардың бір бөлігінен инфекциялық аурудың белгілері байқалған.

Ақмола облысында жаппай ауруханаға түскен кадеттердің жағдайы қалай: денсаулық сақтау басқармасы жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.