Астанада қар, Шымкентте жаңбыр: бүгін Қазақстан мегаполистерінде күн райы қандай болады
Опубликовано:
5 ақпанда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн жауын-шашынсыз, бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +9 градусқа дейін көтеріліп, түнде -4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 2,1 м/с.
Астанада қар жауады. Күндіз ауа температурасы -1 градусқа дейін жетіп, түнде -6 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,4 м/с.
Шымкентте бүгін жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз +14 градус шамасында жылы болса, түнде +5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,6 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2339694-astanada-qar-shymkentte-zhangbyr-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-kun-raiy-qandai-bolady/