Қазақстандық әуекомпания Түркияға Астанадан және Алматыдан рейстерді іске қосады
Опубликовано:
FlyArystan Астанадан Газипашаға (Аланья) рейстерді қайта жандандырып, Алматыдан жаңа тікелей рейс ашады, деп хабарлайды әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық лоукостер Telegram-дағы арнасына ұшу кестесін жариялады.
Оған сәйкес, Астана – Газипаша (Аланья) бағыты бойынша тікелей рейстер 2026 жылғы 11 мамыр мен 22 қазан аралығында дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.
Ал Алматыдан Газипашаға (Аланья) 2026 жылғы 13 мамыр мен 24 қазан аралығында сәрсенбі және сенбі күндері ұшуға болады.
"Біз FlyArystan халықаралық маршруттық желісін жолаушылар сұранысы мен қажеттіліктеріне сай жүйелі түрде кеңейтіп келеміз. Астанадан Газипашаға (Аланья) маусымдық чартерлік рейс алғаш рет былтыр мамыр айында іске қосылған болатын.
Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар ағыны және бұл бағытқа деген сұраныстың сақталуы Астанадан рейстерді қайта жандандыруға әрі осы бағытты Алматыдан ашуға негіз болды", - дейді FlyArystan АҚ президенті Ричард Леджер.
Газипаша – Анталья провинциясындағы курорттық қала. Газипаша әуежайы Аланья, Махмутлар, Кестель, Оба, Авсаллар және Конаклы курорттарына трансфер уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Сиде мен Белек қалаларына сапарлар кезінде қолайлы логистиканы қамтамасыз етеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2339871-qazaqstandyq-auekompaniia-turkiiaga-astanadan-zhane-almatydan-zhanga-reisterdi-iske-qosady/