jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Шымкентте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы қызметінен босатылды

ІІМ
ІІМ қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкент полиция департаментінде көшпелі кеңес өткізді. Онда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жұмысына қатаң сын айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпараттық медиапорталының хабарлауынша, ІІМ басшысы бейінді бөліністің қызметіндегі елеулі олқылықтарды, жұмыстың әлсіз ұйымдастырылғанын және нақты нәтижелердің жоқтығын атап өтіп, қылмыстық топтарды әшкерелеу мен аса қауіпті қылмыстардың жолын кесу қажеттігін атап өтті.

Анықталған кемшіліктерді ескере отырып, кадрлық шешімдер қабылданды. Қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы және оның бөлімдерінің бірінің басшысы қызметтерінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы жиын барысында министр Ержан Сәденов жеке құрамға Шымкент қаласы полиция департаментінің жаңа бастығы Мұхтар Қожаевты таныстырған. Ол бұған дейін ІІМ тергеу департаментін басқарған.

Шымкентте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы қызметінен босатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.