jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстанда ауа райына байланысты үш облыста жолдар жабылды

Қысқы жол
Қысқы жол. Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығы салдарынан кей облыста жолдар жабылды. 5 ақпан сағат 21:30-дағы жағдай бойынша Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылған. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қарағанды облысы:

- 2026 жылғы 5 ақпан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолының 51 — 101 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасы — Нұра кенті) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады.

- 5 ақпан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92 — 164 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау ақы алу пункті) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады.

Жолды 2026 жылы 6 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Ақмола облысы:

2026 жылғы 05 ақпан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

- "Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы" автожолының 16 — 200 шақырым аралығы (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы);

- "Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы (Қайрақ бақылау-өткізу пункті)» автожолының 16 — 347 шақырым аралығы (Астана қаласы — Жақсы кенті);

- "Астана — Қарағанды — Алматы" автожолының 30 — 92 шақырым аралығы (Жібек жолы ақы алу пункті — Қарағанды облысының шекарасы);

- "Астана — Қорғалжын (Қорғалжын қорығына кіреберіс жолымен)" автожолының 19 — 124 шақырым аралығы (Астана қаласы — Қорғалжын кенті).

Жолды 2026 жылғы 06 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Павлодар облысы:

2026 жылғы 5 ақпан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы" автожолының 200 — 254 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасы — Шідерті кенті) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады.

Жолды 2026 жылы 6 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Қазақстанда ауа райына байланысты үш облыста жолдар жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.