jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Ауруханада қосымша төсек орындар ашылды": Ақтөбеде қызылша жұқтырғандар саны артқан

Температура өлшейтін құрал
Температура өлшейтін құрал. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбе облысында қызылша жұқтырғандардың саны артты. Бір айдың ішінде вирусты жүзден астам адам жұқтырған. Дәрігерлер мұны қауіпті жағдай деп бағалап отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қызылша өте тез жұғатын ауру, ол ауа арқылы тарайды. Науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлегенде вирус ауаға таралып, айналасындағыларға тез жұғады. Дәрігерлер науқаспен байланыста болған екпесіз адамдардың басым бөлігі міндетті түрде ауырады деп отыр. Әсіресе бұл ауруға кішкентай балалар тез шалдығады.

Ақтөбеде індет жұқтырғандардың дені —  үш жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың басым бөлігі — вакцина алмаған. Кейбірі екпеден медициналық себептермен босатылса, енді бірінің ата-анасы вакцина салдырудан бас тартқан. Ал кейбір балалардың жасы екпе салуға әлі келмеген.

Қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қызылшамен ауырған 30 бала емделіп жатыр.

Екі баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Ауру көбейген соң, ауруханада қосымша төсек орындар ашылған. Әдетте екпе бүлдіршіндерге бір жасқа толғанда салынып, алты жасында қайта егіледі. Алайда індеттің таралуына байланысты қазір 6-11 айлық сәбилерге де қосымша екпе салынып жатыр.

"Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қызылшамен түскен науқастарға арналған қосымша 30 төсек орны және жансақтау бөлімінен ауыр жағдайдағы асқынған науқастарға қарқынды терапия көрсету үшін үш кереует ашылды. Бұған дейінгімен қоса алғанда 58 төсек орыны бар", - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ботагөз Мырзалы.

Дереккөз: КТК телеарнасы

"Ауруханада қосымша төсек орындар ашылды": Ақтөбеде қызылша жұқтырғандар саны артқан

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.