jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Жаңбыр, қар, көктайғақ": синоптиктер ауа райына байланысты тұрғындарға ескерту жасады

Қар жауған сәт
Қар жауған сәт. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ертең, 6 ақпанда Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы бұзылуы мүмкін. Бірнеше облыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Астанада жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта оңтүстік-батыстан жел күтіледі, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Таразда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 м/с, облыстың таулы бөктерінде екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 17 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с.

Қарағандыда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Жезқазғанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз күтіледі.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, түнде облыстың оңтүстігінде қатты қар. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Қостанайда тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Өскеменде күннің екінші жартысында (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының батысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Семейде күндіз (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28, облыстың тау асуларында екпіні 30 м/с және аса күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 м/с. Шымкентте кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғады жел, батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.

"Жаңбыр, қар, көктайғақ": синоптиктер ауа райына байланысты тұрғындарға ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.