jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астана әуежайының өкілдері жолаушыларға ұшу кестесінде өзгерістер болатынын ескертті

әуежай
Астана әуежайы. Фото: t.me/nqzairport

Астана әуежайы жолаушыларға қолайсыз ауа райына байланысты рейстердің кешіктірілетінін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы тәулікте Қазақстанның бірнеше аймағында қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады, кейде тұман түсіп, қатты жел соғады деп күтілуде.

"Астана халықаралық әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін", - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Бүгінге жоспарланған рейстер:

  • Ұшып келетін 79 рейс;
  • Ұшып шығатын 78 рейс.

Қазіргі жағдай:

  • Ұшып келетін 10 рейс кешіктіріліп жатыр;
  • Ұшып шығатын 2 рейс кейінге қалдырылды.

Кідірістің себебі – ауа райының қолайсыздығы.

"Жолаушылардан әуе компаниясынан рейс мәртебесін нақтылауды, сондай-ақ www.nn-аirport.kz сайтындағы әуежайдың онлайн рейстер туралы ақпарат тақтасындағы жаңа ақпараттарын бақылауды сұраймыз.

Әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Біз ұшу қауіпсіздігіне басымдық береміз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.

Астана әуежайының өкілдері жолаушыларға ұшу кестесінде өзгерістер болатынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.