"Трамп мырза өзі қатысатын алқалы жиын": Нұрлан имам АҚШ-қа тағы барды
Опубликовано:
Белгілі имам, дінтанушы Нұрлан қажы Байжігітұлы Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өтетін дәстүрлі қайырымдылық іс-шарасына барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"АҚШ астанасы Вашингтонда әдеттегі 74- таңғы ас рәсіміне қатысуға келдім. АҚШ президенті Дональд Трамп мырза өзі қатысатын ас биыл екі мыңдай әлем тұлғаларын жинайтын ерекше алқалы жиын.
Жастарымыз білім мен ғылым, өркениет пен мәдениетке ұмтылып, имандылықпен ұштасқан салтымызды бекем ұстанса, биік шыңдарды бағындырып, жаһанның талай есіктері ашылатыны ақиқат", - деп жазды Нұрлан Байжігітұлы Instagram желісіндегі парақшасында.
Еске сала кетейік, танымал имам Нұрлан Байжігітұлы былтыр да АҚШ-тың астанасы Вашингтонда өткен қайырымдылық таңғы асына қатысты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2340486-tramp-myrza-ozi-qatysatyn-alqaly-zhiyn-nurlan-imam-aqsh-qa-tagy-bardy/