jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Оралдағы газ турбиналық қондырғысы күрделі жөндеуден соң іске қосылды

Оралдағы жылу электр орталығында жапондық “Hitachi” компаниясының газ турбиналық қондырғысы күрделі жөндеуден соң іске қосылды
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Оралдағы жылу электр орталығында жапондық Hitachi компаниясының газ турбиналық қондырғысы күрделі жөндеуден соң іске қосылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

Қуаты 28 МВт болатын газ турбиналы қондырғы осыдан 20 жыл бұрын орнатылған. 2019 жылы жоспарлы инспекциялық тексеріс жүргізілгенімен, техникалық жөндеу жұмыстары кестеден кешікті. Маңызды мәселе облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тікелей араласуымен оң шешілді. 2023 жылы аймақ басшысы бастаған батысқазақстандық делегация Жапония елінде болып, турбинаны өндіруші зауыттың өкілдерімен делдалсыз дидарласты. Қос тарап қондырғының қосалқы бөлшектерін дайындау және жеткізу бойынша келісімшарт жасасты. Күрделі жөндеу жұмыстарын атыраулық компания жүзеге асырды.

Оралдағы жылу электр орталығында жапондық “Hitachi” компаниясының газ турбиналық қондырғысы күрделі жөндеуден соң іске қосылды
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту саясаты аясында кейінгі екі жылда бұл салаға бюджеттен 15,6 млрд теңге бағытталды. 2035 жылға дейінгі аралықты қамтитын, 32 жобадан тұратын Жол картасы аясында сорғы станциялары, жаңа қазандықтар салынып, қаланың негізгі жылу магистральдары жаңартылып жатыр. Қазіргі уақытта №6 және №7 жылу желілерін жаңғырту бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Оралдағы жылу электр орталығында жапондық “Hitachi” компаниясының газ турбиналық қондырғысы күрделі жөндеуден соң іске қосылды
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі атқарылып жатқан кешенді іс-шаралар өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, коммуналдық сектордың сенімділігін жаңа деңгейге көтеретінін айтты. Сондай-ақ саланы цифрландырудың маңызын атап өтті.

Оралдағы жылу электр орталығында жапондық “Hitachi” компаниясының газ турбиналық қондырғысы күрделі жөндеуден соң іске қосылды
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

"Күні кеше WEST OIL компаниясының өкілдерімен кездесіп, маңызды жобаларды пысықтадым. Болашақта қаланы сумен және жылумен жабдықтау жүйелері толық автоматтандырылады. Басқару орталығы осы мекемеде орналасып, мамандар тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Мұндай цифрлық шешімдер кез келген ақауды жедел анықтап, коммуналдық кәсіпорындардың үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді облыс әкімі.

Оралдағы жылу электр орталығында жапондық “Hitachi” компаниясының газ турбиналық қондырғысы күрделі жөндеуден соң іске қосылды
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Оралдағы газ турбиналық қондырғысы күрделі жөндеуден соң іске қосылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.