jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қар мен бұрқасын: Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту жарияланды

Қыс
Қыс. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер 8 ақпанда Алматы, Шымкент пен Қазақстанның барлық облысында ауа райы бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

8 ақпанда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Шымкент қаласында 8 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан қаласында 8 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі.

8 ақпанда түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Алматы қаласында 8 ақпанда түнде тұман түседі, көктайғақ болады. Қонаев қаласында 8 ақпанда түнде тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

8 ақпанда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетау қаласында 8 ақпанда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

8 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында 8 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

8 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

8 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі, көктайғақ болады. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Талдықорған қаласында 8 ақпанда түнде тұман түседі, көктайғақ болады.

8 ақпанда Павлодар облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі.

8 ақпанда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Орал қаласында 8 ақпанда қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады.

8 ақпанда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Атырау қаласында 8 ақпанда күндіз көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі.

8 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда қаласында 8 ақпанда кей уақытта тұман түседі.

8 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақыттарда 23 м/с-қа жетеді. Жезқазған қаласында 8 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі.

8 ақпанда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

8 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с-қа, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді. Ақтау қаласында 8 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

8 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

8 ақпанда түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман түседі.

8 ақпанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Тараз қаласында 8 ақпанда кей уақыттарда тұман түседі, көктайғақ болады.

8 ақпанда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-18 м/с-қа жетеді.

Қар мен бұрқасын: Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.