jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қазақстандық қыздарға тіл тигізгені үшін": Алматыда белгілі ресейлік стримерлер ұсталды

Қолына кісен салынған адам
Қолына кісен салынған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда белгілі ресейлік стримерлер Анар Абдуллаев және Ренатко қазақстандық қыздарға қатысты стрим кезінде бейәдеп сөздер айтқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ресейлік Sports.ru басылымы белгілі стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренатко Қазақстанда 15 тәулікке қамалғанын хабарлады.

"Олардың қамауға алынғанына стрим кезінде қазақстандық қыздарды қорлауы себеп болған", - деп жазды басылым.

Равшан есімді стример де бұл жайтты растады. Ол стрим кезінде аталған блогерлермен бірге болған.

"Біз де, жігіттер де ісімізбен немесе сөзімізбен негатив айтқымыз келмеген. Жігіттердің айтқан сөзі біреуді ренжіткен болса, кешірім сұраймыз", - деді Равшан.

Аталған ақпаратты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі де растап отыр.

ПД дерегінше, ұсақ бұзақылық фактісі бойынша екі шетел азаматына қатысты әкімшілік іс қозғалған.

"Аталған тұлғалар әлеуметтік желіде қоғамдық тәртіп пен қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарын бұзатын сөздер айтқаны анықталды.

Материалдар Алматы қаласы ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот екі заңбұзушыға қатысты 15 тәулікке қамауға алу туралы әкімшілік жаза тағайындады", - делінген хабарламада.

"Қазақстандық қыздарға тіл тигізгені үшін": Алматыда белгілі ресейлік стримерлер ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.