"Қорлап, ағасын өлтіріп, баласын ұрлаған": Талғарда екі тергеуші сот алдына келді
Опубликовано:
Талғарда қызмет бабын асыра пайдаланғаны және міндетіне селқос қарағаны үшін екі тергеуші сот алдына келді. Атышулы іске қатысты іс бойынша сот процесі жабық режимде өтіп жатыр, деп жазады "Жетінші арна".
Телеарна дерегінше, Талғарда қызмет бабын асыра пайдаланғаны және міндетіне селқос қарағаны үшін екі тергеуші сот алдына келді. Тергеу нұсқасы бойынша, олардың бейқамдығынан күдікті әйел адамды қорлап, ағасын өлтіріп, баласын ұрлаған.
Қайғылы оқиға былтыр қыркүйекте Қызылқайрат ауылында болған.
Әлдебіреу ер адамды атып өлтіріп, кішкентай қызды ұрлап әкеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ұрланған баланың құтқарылғанын және жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын хабарлаған.
Ер адамның өлімі мен кішкентай қызды ұрлап кету жағдайынан кейін лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасына хабарлаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2340888-qorlap-agasyn-oltirip-balasyn-urlagan-talgarda-eki-tergeushi-sot-aldyna-keldi/