Қазақстандық арнайы жасақ Дубайдағы халықаралық турнирде үздік ондыққа енді
Опубликовано:
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінің бірінші күнінде Қазақстанның арнайы жасақ командалары сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы МКҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Жарысқа 48 елден арнайы жасақтардың 109 командасы қатысып жатыр. Бірінші күннің қорытындысы бойынша қазақстандық төрт команда да үздік ондыққа енді.
Турнирде Қазақстан С командасы көш бастап тұр, Қазақстан D — екінші орында. Қазақстан В командасы төртінші орында болса, Қазақстан А командасы — оныншы орында.
Қазақстандық "Tomiris" әйелдер құрамасы жалпы есепте 20-шы орында. Олар турнирде әйелдер командалары арасында көш бастап тұр.
Мемлекеттік органдардың арнайы жасақтарынан құралған 5 құрама команда 11 ақпанға дейін өнер көрсетеді. Бір ту астына ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлері біріккен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2340942-qazaqstandyq-arnaiy-zhasaq-dubaidagy-halyqaralyq-turnirde-uzdik-ondyqqa-endi/