jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Астана – Талдықорған" бағыты бойынша жаңа теміржол маршруты іске қосылады

Темір жолда келе жатқан жолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы. Көрнекі фото: "Қазақстан темір жолы" АҚ ҰҚ баспасөз қызметі

Енді Астанадан Талдықорғанға пойызбен жетуге болады. Сәуір айынан бастап бұл бағыт бойынша жаңа теміржол маршруты іске қосылмақ, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жаңа бағытты ашу мәжіліс депутаттарының бастамасымен, Көлік министрлігі және Ұлттық тасымалдаушы — "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның бірлескен жұмысы аясында, сондай-ақ азаматтардан келіп түскен көптеген өтінішті ескере отырып жүзеге асырылған.

"Аталған бағытты іске қосу Жетісу облысының көлік қолжетімділігін арттыруға, жолаушылар сұранысының өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ елорда мен өңірлер арасында жайлы, қауіпсіз және тұрақты теміржол қатынасын қалыптастыруға бағытталған", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, бастапқы кезеңде ұлттық тасымалдаушы тарапынан екі жолаушылар вагоны бөлініп, олар №122/121 "Нұрлы жол – Семей" пойызының құрамында күн ара қатынайды.

Ақтоғай станциясында аталған вагондарды №631/632 "Ақтоғай – Талдықорған" пойызына қайта тіркеу көзделген, бұл бүкіл маршрут бойы үздіксіз әрі ыңғайлы қатынасты қамтамасыз етеді.

Тұрақты жолаушылар сұранысы қалыптасқан жағдайда вагондар саны мен қатынау жиілігі кезең-кезеңімен ұлғайтылады.

"Астана – Талдықорған" бағытындағы жаңа теміржол маршруты сәуір айынан бастап іске қосылады деп жоспарланып отыр.

"Астана – Талдықорған" бағыты бойынша жаңа теміржол маршруты іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.