Ірі қараны тәркілеу және жою: АШМ желіде тараған видеоға қатысты мәлімдеме жасады
Опубликовано:
Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік желілерде ірі қара малды тәркілеу және жою туралы таралған бейнематериалдардың Қазақстанға қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Ел аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу немесе мәжбүрлі түрде жоюға қатысты кез келген іс-шаралар қолданыстағы заңнамаларды қатаң сақтай отырып, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімі негізінде және жергілікті атқарушы органдар міндетті түрде шектеу шараларын енгізгеннен кейін жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Министрлік түсіндірмесінде мұндай шараларды қажет болған жағдайда тек эпизоотияға қарсы республикалық отряд жүзеге асыратыны айтылған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шектеу шараларын енгізу туралы шешімдер қабылданбаған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу және жою жөнінде нұсқама берілмеген.
Осыған орай АШМ тек ресми мәліметтерге сенуді және халық арасында негізсіз алаңдаушылық тудыратын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2341263-iri-qarany-tarkileu-zhane-zhoiu-ashm-zhelide-taragan-videoga-qatysty-malimdeme-zhasady/