Қазақстандық үміткерлерге 73 грант ұсынады: Қытай университтеріне құжат тапсыру мерзімі ұзартылды
Опубликовано:
Қытай үкіметі 2026-2027 оқу жылына ҚХР мемлекеттік стипендиясы бойынша қазақстандықтардың оқуына 73 білім грантын ұсынады. Құжат тапсыру мерзімі 2026 жылғы 18 ақпанға дейін ұзарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қытай үкіметі 2026-2027 оқу жылына ҚХР мемлекеттік стипендиясы бойынша оқуға 73 білім грантын ұсынады.
Құжат 2026 жылғы 18 ақпанға дейін "Электрондық үкімет" (Egov.kz) порталы немесе "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ арқылы қолма-қол қабылданады.
Грант мына шығынды өтейді:
- тегін оқу;
- ай сайынғы стипендия;
- медициналық сақтандыру;
- жатақханада тұру.
Ал қалған шығынды грант иегері өзі төлейді.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесі сайтында онлайн тіркеуден өтуге тиіс.
Сондай-ақ 2026 жылдан бастап ҚХР-дың жоғары оқу орындарында бакалавр дәрежесін алуға үміткер барлық шетелдік талапкер шетелдік студенттерге арналған академиялық дайындық тестінен (CSCA) өтуге міндетті.
CSCA онлайн-емтиханына тіркелу 2026 жылғы 14 ақпан сағат 12:00-ге дейін (Пекин уақыты бойынша) ашық, емтихан 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. CSCA тестілеуі туралы толық ақпарат сілтемеде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2341350-qazaqstandyq-umitkerlerge-73-grant-usynady-qytai-universitterine-quzhat-tapsyru-merzimi-uzartyldy/