jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылып жатыр (фото)

бұзылып жатқан нысан
Бұзылып жатқан нысан. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда тау бөктеріндегі үш қабатты нысан бұзылып жатыр. Нысан жобалық құжаттамағы сәйкес келмейді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, Ерменсай шағынауданындағы Таужиегі көшесі, 35-учаскеде орналасқан нысан бұзылып жатыр.

"Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жобалық құжаттама мен сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес келмейтіні анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді.

Осыдан кейін басқарма нысанды пайдалануға беру туралы актінің күшін жою және құрылысты бұзу жөнінде талап арызбен Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына жүгінді. 2025 жылғы 20 тамызда сот талап арызды қанағаттандырды", - делінген хабарламада.

Бұзылып жатқан нысан
Бұзылып жатқан нысан. Фото: Алматы әкімдігі

2025 жылғы 28 қазанда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған. 9 ақпанда сот орындаушыларының қатысуымен нысан бұзыла бастаған.

Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылып жатыр (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.