Алматыда жаңажылдық шыршалар мен декорациялар қашан алып тасталатыны белгілі болды
Опубликовано:
Читать на русском
Алматыда жаңажылдық шыршалар мен декорацияларды демонтаждау басталды. Қалалық мәдениет басқармасының өкілдері жұмыстың қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Басқарма мәліметінше, өткен аптаның соңында қаладағы 21 локацияда негізгі жаңажылдық шыршалар мен шағын сәулет формаларын алып тастау қолға алынды.
"Қазіргі уақытта құрылмалар кезең-кезеңімен бөлшектеліп, алынып жатыр, сәндік элементтер мен жарықтандыру жабдықтарды демонтаждалып, аумақтар қалыпты жағдайға келтірілуде.
Жұмысты жоспарға сай аяқтау уақыты 7 күннен 10 күнге дейін жалғаспақ және ауа райы жағдайлары мен шыршалардың техникалық ерекшеліктеріне байланысты аяқтау уақыты өзгеруі мүмкін", - деп түсіндірді басқарма өкілдері.
Демонтаж аяқталғаннан кейін барлық құрылма элементі қоймаларға жіберіліп, сол жерде сақталатын болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2342061-almatyda-zhangazhyldyq-shyrshalar-men-dekoratsiialar-qashan-alyp-tastalatyny-belgili-boldy/