Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық жол жабылды
Опубликовано:
Читать на русском
Қарлы боран мен жолдың көрінбеуіне байланысты Ақтөбе облысындағы барлық жол жабылды. Бұған дейін өңірде ауа райы нашарлағаны туралы хабарланған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
"Боран мен жолдың көрінбеуіне байланысты барлық жол жабылды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері, полиция қызметкерлері және ТЖД құтқарушылары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Адамдар далада суықта қалмауы үшін патрульдік машиналар көліктер тобын қауіпсіз жерлерге дейін алып жүруде.
Жолда қалып қойғандардың барлығы жылыту пункттеріне жеткізілуде. Онда жылы, ыстық шай мен жатын орындар қарастырылған. Ешкім назардан тыс қалмайды", - делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік өкілдері осы орайда жүргізушілерді абай болуға шақырды.
"Өз өміріңізге және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз. Егер жол жабық болса, айналма жолдармен өтуге тырыспаңыз. Өзіңізді сақтаңыз!", - деп ескертті әкімдіктегілер.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2342074-aqtobe-oblysynda-aua-raiynyng-qolaisyzdygyna-bailanysty-barlyq-zhol-zhabyldy/