jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Еліміздегі газ құю стансаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіледі

газ толтыру бекеті
Газ толтыру стансасы. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда газ құю стансаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, газбен қамту мәселелері бойынша мақұлданған түзетулер аясында жергілікті атқарушы органдарға автогаз құю стансаларының шекті санын белгілеу жөнінде өкілеттік беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар заң жобасында көгілдір отын бекеттерінде қауіпсіздік деңгейін арттыру шаралары қарастырылған. Атап айтқанда жаңадан ашылатын автогаз құю стансаларын ауқымды ыдыстарды жер астына орналастыруға міндеттеу, ал жұмыс істеп тұрған стансаларды 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін осы ыдыстарды жер астына көшіруді міндеттейтін өтпелі кезең белгілеу ұсынылады. Сондай-ақ, көлік құралдары мен тұрмыстық газ баллондарын заңнамада белгіленген орындардан тыс жерде толтыруға тыйым салынады.

Еліміздегі газ құю стансаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.