jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

БҚО-да жарты жылдай заңсыз қамауда отырған тұрғын сотқа жүгініп, 19 млн теңге талап етті

Түрмедегі адам
Түрмедегі адам. Көрнекі фото: pexels.com

Батыс Қазақстан облысында ер адам заңсыз қылмыстық қудалауға түскені үшін өтемақы өндіріп алды. Ол 6 ай қамауда, 1 ай үйқамақта болған, деп хабарлайды БҚО соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

БҚО соттарының Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, талап қоюшы 2023 жылы 6 ай уақытша ұстау изоляторына қамалып, 1 ай үйқамақта болған.

Оған қатысты ұзақ уақыт бойы үздіксіз тексерулер мен жауап алу әрекеттері жүргізілген, алайда прокурор тарапынан қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылданған.

Осыған байланысты талап қоюшы сотқа жауапкер республикалық мемлекеттік мекемеден 15 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиянды және 4 миллион теңге шамасында материалдық шығынды өтеу туралы талап арызбен жүгінген.

Талап қоюшы қылмыстық қудалауға ұшыраған кезеңде уайымға салынып, күйзеліске түскенін, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдары тарапынан өзіне қатысты қорқыту, психологиялық қысым және құрметсіздік болғанын айтқан.

Сотта талап қоюшыға қатысты қылмыстық қудалаудың заңсыз жүргізілгені, қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан моральдық азап шеккені расталған.

Сонымен қатар қылмыстық іс қозғалуына байланысты талап қоюшы жұмысынан айырылып, тұрғылықты жерін ауыстыруға мәжбүр болғаны анықталған.

Сот талап қоюшының жауапкер республикалық мемлекеттік мекемесіне қойған талап арызын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 3 миллион теңге, материалдық шығынды өтеу ретінде 4 миллион теңге, өкілдің қызметіне ақы төлеу бойынша шығыстар үшін 700 мың теңге өндірген.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

БҚО-да жарты жылдай заңсыз қамауда отырған тұрғын сотқа жүгініп, 19 млн теңге талап етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.